Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Шұғыла шағын ауданы, Байтелі батыр көшесі, 24 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды. "АРТ-ТЕХНОСС" ЖШС-мен сот ісі өткен жылдың маусымынан бері жалғасып келген.
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде тексеру жүргізген болатын. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықталды, әкімшілік хаттамалар жасалды.
Одан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "АРТ-ТЕХНОСС" ЖШС-не заңсыз салынып жатқан объектіні бұзу туралы талап арыз берілді.
"Соттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Осыдан кейін Алматы қалалық сотына апелляциялық шағым берілді, 2022 жылғы 18 наурызда талап қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!