24 қараша 2021 16:34

Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, Алматыда 5,6 шақырымдық метро құрылысы жалғасып жатыр. Бұл учаскеде үш станция іске қосылады - бұл Сарыарқа, Бауыржан Момышұлы (2021 жылдың қыркүйегіне дейін - Достық) және Қалқаман.

"Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында метро желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Метро бағытын Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданына қарай түзету жоспары бар", - деді Мырзаханов "Алматы агломерациясының көлік инфрақұрылымының жай-күйі мен даму перспективалары" тақырыбындағы қоғамдық тыңдауда.

Бұған дейін құрылысшылар жыл соңына дейін екі жаңа метро станциясын - "Сарыарқа" және "Достық" станцияларын аяқтауға уәде берген болатын. "Қалқаман" станциясына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, "Западный" автовокзалына дейін тесуге 785 миллион теңге бөлінді. Бұл автовокзалмен біріктірілген метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегін (үшінші кезек) ұзарту болады.

Еске салайық, Алматы метросының бірінші желісі 2011 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Содан кейін жеті станция ашылды. Төрт жылдан кейін метро тағы екі станцияға ұзартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети