Алматыда самокат мінгендер жаппай тексеріле бастады: 1 шілдеден бастап не өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда самокат мінгендер жаппай тексеріле бастады: 1 шілдеден бастап не өзгереді? Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда 29 маусым мен 1 шілде аралығында полиция "Электросамокаттар және электрмопедтер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыда 29 маусым мен 1 шілде аралығында полиция "Электросамокаттар және электрмопедтер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, іс-шара 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамадағы өзгерістер қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Жаңа нормаларда электрсамокаттар мен электрмопедтерді пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ кикшеринг қызметін көрсететін операторлардың жауапкершілігі нақты айқындалған.

Жаңа ережелер 1 шілдеден бастап күшіне енеді

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттар мен кикшеринг сервистеріне арналған жаңа талаптар қолданысқа енгізіледі.

Енді электрсамокаттарды 18 жасқа толмағандар, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалар жалға ала алмайды.

Электрсамокаттармен велосипед жолдары мен жолақтары арқылы, ал олар болмаған жағдайда жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі. Тек жаяу жүргіншілермен бірлескен қозғалыс аймақтарында ғана ерекшеліктер болады: мұнда жылдамдық сағатына 6 шақырыммен шектеледі және басымдық жаяу жүргіншілерге беріледі.

Тәртіпбұзушылар қалай анықталады

Бұған дейін Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жаңа нормалар күшіне енген алғашқы аптада полицейлер түсіндіру жұмыстарына басымдық беретінін, содан кейін ғана әкімшілік шараларды қолдана бастайтынын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жалға берілетін самокаттардағы тіркеу нөмірлері, сондай-ақ кикшеринг операторларының деректері заңбұзушыларды анықтауға көмектеседі. Қала тұрғындарына заңбұзушылықтарды фото немесе видеоға түсіріп, 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Полиция балалардың электрсамокаттарды пайдалану жағдайларына жеке тоқталады. Егер ересек адам көлікті кәмелетке толмаған балаға берсе, ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Айыппұл мөлшері 5 АЕК (21 625 теңге), ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) болады.

Жылдамдықты кім бақылайды?

Алматы полициясы қазірше тротуарлардағы электрсамокаттардың жылдамдығын өлшейтін техникалық құралдардың жоқтығын мойындады. Бұл функцияны кикшеринг компаниялары өз мойнына алады деп жоспарланған. Әзірбектің айтуынша, операторлар жылдамдықты қадағалауға, заңбұзушылықтарды тіркеуге және ережені бұзған пайдаланушыларды бұғаттауға мүмкіндік беретін технологиялар бар екенін мәлімдеп отыр.

Кикшеринг компанияларының міндеттері қандай?

Жаңа талаптар бойынша операторлар пайдаланушылардың жеке басын және жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеруге, самокаттардың техникалық күйін қадағалауға, тұрақтарды бақылауға және клиенттерге заңбұзушылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат беруге міндетті болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +23
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +23
Петропавл +30
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер