Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда самокатқа қатысты жаңа ереже енгізілуі мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада самокат жалдаумен айналысатын компаниялардың жұмысын реттеу қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада самокат жалдаумен айналысатын компаниялардың жұмысын реттеу қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің халықпен кездесуі барысында самокат үшін қабылданған ережелерге қарамастан, самокатшыларға қатысты оқиғалардың тоқтамай жатқанын, ал полиция самокаттың көп ағынын бақылай алмауына қатысты сұрақ қойылды.

"Бұл мәселе бойынша менің ұстанымым бұрынғыдай. Заңнамаға өзгерістер енгізілді, бірақ мен ІІМ-ге не істеу керегінет қатысты екінші өзгерістер пакетін енгіздім. Мен компания жұмысын реттеу керек деп ойлаймын. Олар өз жауапкершілігін түсінуі керек, қалада механизм бар. Мысалы, самокатты көрінген жерде қалдырып кетуге болмайды, бұған дейін адамдар жалға алу құны артатындықтан уақыт аяқталған кезде оны тастап кететін. Пайдаланушылар автотұраққа жеткізуі керек, содан кейін хаос болмайды. Жылдамдық шектеулері: GPS бойынша жалға беру қызметтері егер олар жылдамдықтың жоғарылағанын көрсе, олар самокатты автоматты түрде өшіре алады. Сондай-ақ тротуарларда жүрген самокатшыларды бақылауға мүмкіндік беретін навигация бар", - деді әкім.

Ерболат Досаевтың айтуынша, қаладағы микромобиль көлігі нарығы реттелуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети