05 желтоқсан 2017 | 17:46

Алматыда сары велосипедтерді тегін жалға беретін компания қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тегін велосипедтерді жалға беруші ofo Kazakhstan компаниясының иесі маусымның аяқталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тегін велосипедтерді жалға беруші ofo Kazakhstan компаниясының иесі маусымның аяқталғанын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маусым аяқталды. Велосипедтерді жалға беретін ofo жобасы Қазақстанда таяуда ғана іске қосылған. Бұл сынақ еді, оның арқасында біз сервисімізге деген сұраныс деңгейін білгіміз келді, нәтижесінде велошейрингтің өте танымал екенін ұқтық. Қазір қалада велосипедтер жиналып жатыр, оларды қоймаға жеткіземіз, сол жақта жөнделіп, ресми іске қосуға дайындалады", - деп хабарлады компания өкілдері.

Сонымен қатар, ofo Kazahstan өкілдері өз велосипедтеріне бақылау қалай жүргізілетінін айтты. 

"ofo жобасының барлық велосипедтерінде GPS smart lock орнатылған. GPS-lock-қа SIM-карта қосылған, оның арқасында қолданушы велосипедті оңай таба алады және ұялы қосымша арқылы бұғаттан шығара алады. Бұл қолданушы смартфоны мен GPS қызметі бар құлыптың арасындағы Machine 2 Machine (M2M) коммуникация. GPS-технологияның арқасында велосипедтерді онлайн түрде қайда екенін анықтауға болады және рұқсат етілмеген жерлерге қою мәселесін шешуге болады", - деді Қазақстандағы ofo қытайлық сервисінің маркетинг-менеджері Камила Смағұлова. 

Смағұлованың айтуынша, Алматыда көптеген қолданушылар сервистің қалай жұмыс істейтінін білмейді. 

"Қолданушылар велосипедті көлік жүксалғышына салып әкететін немесе велосипедтерді үйдің кіреберісіне жасырып қоятын, пәтерлерінің немесе жеке үйлерінің ауласына "тұраққа қоятын" жағдайларға тап болдық. Көпшілігі велосипедті станцияға жеткізу қажет емес болғандықтан өз үйіне апарып қойып, әрдайым қолдануға болады деп есептейді. ofo қызметін қолдану ережесі бойынша, қолданушы велосипедті көпшілікке қолжетімді орындарда қалдыруы тиіс, себебі қызметті басқалар да қолдана алуы керек", - деп түсіндірді ол.

ofo Kazakhstan өкілінің пікірінше, алматылықтар жаңа қызметке бой үйрету үшін ұзағырақ уақыт керек. 

"Басқа елдердегі қолданысқа енгізіп, алған тәжірибеміз бойынша, велосипедтердің саны артса, сервистің танымалдығы арта түседі, сондай-ақ, велосипедтерді жасыру немесе дұрыс қолданбау жағдайлары азаяды. Мұнымен бірге, Қазақстанда 2018 жылдың көктемінде ресми түрде іске қосуды жоспарлап отырмыз, үйрету контентіне, оны әлеуметтік желілерде және ofo қосымшасында таратуға баса назар аударамыз. Компания жауапсыз қолданушыларды жазалауға емес, жауапты қолданушыларды мадақтауға ден қойған. ofo жобасы енгізілген барлық елде велосипедтерді бүлдіру немесе дұрыс қолданбау жағдайлары 1 пайызға жетпейді, сынақ түрінде қоссақ та, Қазақстанның да бұл көрсеткіштен аса қоймайтынын ұқтық. Толықтай іске қосылғаннан кейін қызмет көрсету командасын кеңейтеміз, олар қалада орналасып, велосипедтерді тұраққа дұрыс қоюды, дұрыс пайдалануды бақылайды", - деді ол.

Камила Смағұлованың айтуынша, компания қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабар беретінін айтты. 

"Велосипедті ұрлаған немесе бүлдірген қолданушыны анықтау қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласамыз және олармен бірге жұмыс істейміз. (...) Ұрлау немесе бүлдіру деректері болса құқық қорғау органдарына хабар береміз, әрмен қарай қолданушыларды іздеу және ҚР заңнамасы бойынша жазалау процесі жүреді", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети