Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылады?

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

"25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын, СО (сауда орталықтары), СОО (сауда ойын-сауық орталықтары) және сауда үйлерін кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылады. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады", - делінген қала әкімшілігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматыда 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметінен шектеу алынады. Ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банк және қаржы секторының басқа да ұйымдары жұмысқа толық орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети