Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Алматыда сауда орталығынан өрт шықты Сурет: Алматы ТЖД

Алматыдағы Самал шағынауданындағы Life town сауда орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Самал шағынауданындағы Life town сауда орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Life town сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және донер сататын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Өрт сауда орталығына қарай ұласқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.original

Алматы ТЖД мәліметінше, өрт 6 мамырда сағат 5:45 шамасында шыққан. Донер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. 

"Өрт аумағы 150 шаршы метр. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети