Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда "Сайран" көлі жуырда адам танымастай болып өзгереді

18 Маусым 2015, 11:16
1
©Almaty.tv
©Almaty.tv

Алматыда "Сайран" көлі жуырда адам танымастай болып өзгереді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, "қоқысқа қақалған "Сайран" көлі жуырда жаңғырады". Қолаңса иіс мүңкіген аумақ 20 мың адамға шақталған алып демалыс орнына айналмақ.

Сонымен қатар, халықтың жазда "Сайранға" барып, жағажай жағалайтыны, ескекпен қайық есетіні айтылады. Ал қыста қатқан көлдің бетімен сырғанайды екен. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтілеудің айтуынша, "Сайран" еліміздегі тұңғыш жасанды аралға айналады.

"Сайран" көліне біріншіден Үлкен Алматы өзені қосылады. Қосылатын жерге әртүрлі сүзгі қойылып, су 3 мақсатта пайдаланылады. Яғни, адам шомылатын су таза болуы керек. Содан кейін жасыл желектерді суғаруға жұмсалады, техникалық мақсатта жұмсалынады", - деді Жанат Айтілеу.

Жоспар бойынша, Сайран көлінің жағалауында 1500 көлікке арналған автотұрақ және балалар атракциондары тұрғызылады. Бұл ойын алаңдары тек жазда ғана емес, қыс кезінде де жұмыс істейді. Егер жоба биыл мақұлданса, аралдың құрылыс жұмыстары келер жылы басталатын болыпты.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай