Алматыда секс-притон ұйымдастырушысы сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ұсталған адам алдын ала тергеу барысында анықталмаған белгісіз тұлғалармен топ болып, Алматы қаласында жыныстық қызметтер көрсету мақсатында жезөкшелерге арналған притон ұйымдастырған. Аталған факт бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын өткізді.

"Аталған қылмыстық іс бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдіктінің жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны, онда жыныстық қызметтер көрсету үшін қазақстандықтар мен Өзбекстан Республикасының азаматшаларын тартқаны анықталды. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы өз қарамағындағылардың міндеттерін айқындап берген, тергеу барысында анықталмаған азаматтар жеңіл жүрісті қыздарды күзету мен тасымалдауға жауап берсе, басты күдікті қыздарға клиенттер тауып, сол үшін жезөкшелер табысының 50 пайызын иемденіп отырған. Жеңіл жүрісті қыздарды тұрғын үймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуді өз міндетіне алып, ғаламтор желісінде жарнамалар жариялаған", - деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бөлім басшысы Әділ Салаев.

Басты күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында "ОСА" маркалы тапанша да тәркіленген.

"Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен, ұсталған адам ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) және аталған кодекстің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша айыпты деп танылып, алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды", - деді Әділ Салаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro