23 шілде 2015 | 12:09

Алматыда сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дәурен Исаев ©Дәурен Исаев

Алматыдағы төтенше жағдай орнына оқиғаның жағдайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ ТЖК төрағасының міндетір атқарушы Серік Әубәкіров брифингте хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы төтенше жағдай орнына оқиғаның жағдайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ІІМ ТЖК төрағасының міндетір атқарушы Серік Әубәкіров брифингте хабарлады. 

"Қазселденқорғау" мәліметінше, су бөгеті иммараты бүлінбеген, шлюздер арқылы суды ағызу жұмыстары жүріп жатыр. 

Әубәкіровтің мәліметінше, №176 мектепте, сонымен қатар Наурызбай аудандық әкімдікте халыққа медициналық жәрдем, психологиялық көмек, сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері ашылған.

Сонымен қатар, Қарғалы өзенінің бөгетінің маңыннан ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері 898 жергілікті тұрғынды эвакуациялады.

"Алатау ауданының Алғабас елді мекенінде жер үйлерді су алды, №185 орта мектепте зардап шеккен халыққа көмек көрсету пунттері ашылды, 50 адам эвакуацияланды", - деді ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, көпірлер мен магистраль жолдары қираған жоқ

Айта кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрген. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети