27 қаңтар 2020 | 15:35

Алматыда "Сергек" камерасы көп болады - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz коллажы © Тengrinews.kz коллажы

Алматыда "Сергек" бағдарламалық-құрылғы кешендерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Сергек" бағдарламалық-құрылғы кешендерінің санын көбейтуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты. 

Қала басшысының айтуынша, алғашқы 22 күнде жаңа камералар 4,5 мың жол козғалысы ережесін бұзу деректерін түсірген. Сағынтаевтың айтуынша, осы аралықта жол-көлік оқиғасының саны 12 пайызға төмендеген. Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс 38 пайызға азайған. 

"Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары, соның ішінде жолдар мен тұрғындар көп жиналатын жерлерде видеомониторинг жүйесін кеңінен қолдану арқылы жалғасады. Биыл қосымша 360-тан аса "Сергек" камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Жыл сайын құқықтық тәртіпті бұзуды қадағалайтын автоматты бейне жүйелерінің үлесі өсіп отыратын болады", - деді Сағынтаев.

Қазіргі уақытта қалада "Сергек" бағдарламалық-құрылғы кешенінің 400 жүйесі жұмыс істейді. Алғашқы сегіз күн ішінде камералар 42 миллион теңгеге жол ережесін бұзу деректерін анықтаған. Олардың қандай қиылыстарда орналасқаны туралы мына жерден біле аласыз.

"Сергек" жылдамдық режимін асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерін елемеу, жолақтарды елемеу, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережесін бұзу, сондай-ақ қоғамдық көлік жолағына рұқсатсыз кіруді тіркейді. Полиция өкілдері айыппұлдардың барлығы қала бюджетіне түсетінін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети