Алматыда Сергек камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Сергек камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Алматыда 7 мыңнан аса "Сергек" камерасы жұмыс істейді. Жақында ғана жаңаларымен толықтырылды. Енді камералар адамның көзінен жақсырақ көреді және көліктегі ең ұсақ бөлшектерді түсіре алады.
Алматы ПД мәліметінше, "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйелері 2023 жылы жалпы сомасы 12 миллиард 878 миллион 922 мың теңге болатын 1 847 765 заңбұзушылықты тіркеген.
Алматы полициясы Алматы көшелеріндегі "Сергек" автоматтандырылған кешенінде қазіргі уақытта мынадай заңбұзушылық түрлері тіркеліп жатқанын хабарлады:
- жылдамдықты асыру;
- тұтас сызықты кесу;
- қосарланған тұтас сызықты кесіп, кері бұрылу;
- белгіленбеген жерде тұраққа қою/тоқтау;
- бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту.
Сондай-ақ, пилоттық жоба аясында қауіпсіздік белдіктерін тақпау және жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермеу тіркеледі.
Сондай-ақ, жақын арада алматылық "Сергектер" бағдаршамның сары түсіне өтетіндерді тіркеуі мүмкін. Наурыз айының басынан бері Астанада мұндай заңбұзушылық түрін камералар түсіре бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!