30 қыркүйек 2014 11:22

Алматыда сейсможаттығу өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сейсможаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда сейсможаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық (ТЖД) төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, жалпықалалық сейсможаттығу бүгін, 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 12.00-де өткізіледі. "Сейсможаттығу дабылы барысында басшылық құрамның дайындық деңгейін көтеру мәселесі қаралады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның және қалалық азаматтық қорғаныс қызметінің күшімен жер сілкінген кезде халыққа іс жүзінде қалай әрекет ету керектігі үйретіліп, жәбірленген адамға алғашқы көмек көрсету ережелері таныстырылады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар әкімдік сейсможаттығу өткізілетін орынның мекен-жайын хабарлады: Аталмыш жаттығу Сейфуллин даңғылы 26, "Алаш" стадионында (бұрынғы "Локомотив" стадионында) өткізіледі.

Бұдан бұрын 2015 жылы Астана мен Алматы халқын төтенше жағдай туралы ауладағы және жұртшылық көп жиналатын орындардағы дыбыс күшейткіш құрылғының көмегімен құлақтандыра бастайтыны хабарланған болатын. Алматы қалалық ТЖД мәлімдеуінше, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі халықты құлақтандырудың барлық жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Департамент мамандарының айтуынша, қазіргі құлақтандыру жүйесі халықтың 75 пайызын ғана қамтиды екен. Дыбыс күшейткіш жүйесін орнату қала бойынша халықты төтенше жағдай туралы тез құлақтандыруды қамтамасыз етеді. Дыбыс күшейткіш құрылғылар әкімшіліктер мен басқа да ғимараттардың жоғарғы жағына орнатылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети