1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда шектеулер 12 сәуірге дейін ұзарды. Бекшиннің қаулысы шықты 27 наурыз 2021, 21:07

Бекшиннің Алматыдағы кейінгі қаулысының шектеулері 12 сәуірге дейін ұзартылды. Оқушылар мен студенттер (кезекші сыныптардан басқасы) қашықтан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бекшиннің Алматыдағы кейінгі қаулысының шектеулері 12 сәуірге дейін ұзартылды. Оқушылар мен студенттер (кезекші сыныптардан басқасы) қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 21 - 28 наурызы аралығында Алматы қаласында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі ic-шараларды кушейту туралы" қаулыға қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойды.

Қаулыға Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайының одан әpi нашарлауын, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын окшаулау мақсатында, мектеп жасындағы балалар ауруының жоғарылауына байланысты қол қойылғаны айтылады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қолданылуы биылғы 12 сәуірді қоса алғанға дейін ұзартылып отыр. Бекшиннің қаулысы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

1) Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО және техникалық жэне кәсіптік білім беретін ұйым студенттері үшін қашықтан оқыту форматына көшіру;
2) Ата - аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін;
3) Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің,
шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің
сақталуына күнделікті мониторинг жүрізуді қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!