Алматыда шепбекеттерді айналып өтпек болған 4 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шепбекеттерді айналып өтпек болған 4 адам ұсталды

Алматы қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері шепбекеттерді айналып өтпек болған 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері шепбекеттерді айналып өтпек болған 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустың алдын алу мақсатында карантин жарияланған Алматы қаласының шеткі аймақтарын күзету шаралары күшейтілді.

Алматы облысы Абай елді мекенінің жанындағы Ақсай өзені қала мен облысты екіге бөліп тұр. Өзеннің жағасында карантиндік режімді бақылау Ұлттық ұланның №5571 әскери бөлімінің жауынгерлеріне сеніп тапсырылды.

"Бүгін сағат 13.40 шамасында ұлан жауынгерлер Алматы қаласының кіреберісіне қойылған шепбекетті айналып өтіп, қалаға аумағына кірмекші болған 4 адамды қолға түсірді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аға сержант Қанат Бейсенбаев басшылық жасайтын әскери топ өзенді кесіп өтіп, қала аумағына жақындап келе жатқан екі адамды байқаған.

"Әскери топ бұл адамды тоқтатқан. Мән-жайды анықтау барысында олардың жұмыс іздеп, қала аумағына өтпекші болғандары анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ақсай өзенінен өтпек болған тағы екі адам ұсталды. Мән-жайды анықтау үшін барлық адам аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети