Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың оқиғасы: Әкесінің туыстары көшеде жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жолында табылған баланың оқиғасы: Әкесінің туыстары көшеде жиналды Видеодан алынған кадр

Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған баланың әкесінің туыстары мен көршілері тергеу мәліметіне сенбейтінін айтып, наразылық танытты. Осыған байланысты Алматы қалалық ІІД өкілдері жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, дау-дамай тоқтатылып, барлығы тарап кетті.

"Жағдайды түсінбеген. ІІД басшылығы сонда барып, наразылық танытып жатқандарға бар жағдайды түсіндіріп берді. Олар барлығын тыңдап, кейін тарады. Жиналғандардың тарапынан ешқандай ереже бұзушылық болған жоқ", - деді Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети