03 тамыз 2016 15:20

Алматыда сот орындаушылары жыл басынан бері 12 пәтер мен 30 көлік тәркілеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың басынан бері сот орындаушылары сот актілерін тиісінше орындау мақсатында 12 пәтер мен 30 көлікті тәркілеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.


2016 жылдың басынан бері сот орындаушылары сот актілерін тиісінше орындау мақсатында 12 пәтер мен 30 көлікті тәркілеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.

Мүліктерді мемлекет кірісіне тапсыру туралы өтініштер Алматы қалалық Әділет департаментінен Алматы қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне және Алматы қаласының қаржы басқармасына жіберілді. Айта кетейік, халық тұтынатын тауарлардың жалпы сомасы 361 112 026 теңгені құрады. Ал тәркіленген мүліктердің ішінде: 12 пәтер, 5 автотұрақ, 30 көлік, 132 компьютер техникасы мен 6 дана төлем терминалы бар. Сонымен қатар, 5 149 бөтелке алкогольдік ішімдік тәркіленіп, сотталғандардың банк есепшоттарынан 760 688 121 теңге инкассацияланды.

Айта кетейік, сот орындаушыларының негізгі міндеті - соттың азаматтық және әкімшілік істерге, қылмыстық істерге қатысты шығарған шешімдері мен мүліктерді өндіріп алуға шығарған үкімдері арқылы, сонымен қатар басқа да заңды органдардың шешімдері арқылы орындау құжаттарымен жұмыс жасау. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети