Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасы мәліметінше, Алматыда ЖСО өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
"ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды", - делінген хабарламада.
Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!