11 маусым 2019 19:10

Алматыда студент қызды туыстары төрт күннен бері іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Алматыда туыстары төрт күннен бері 19 жастағы студент Нура әл Накауаны іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда туыстары төрт күннен бері 19 жастағы студент Нура әл Накауаны іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram әлеуметтік желісінде @_volontery_almaty_lider.kz іздеу тобының паблигі мәліметінше, қыз 7 маусымда жоғалып кеткен. Ол Орбита-4 ықшамауданындағы үйден 17:00-ден шыққан. 


Сурет Instagram желісіндегі volontery_almaty_lider.kz парақшасынан

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері 19 жастағы Нура Әл Накауаның жоғалғаны туралы арыз Бостандық аудандық полиция басқармасына түскенін хабарлады. 8 маусымда құқық қорғау органдарыөкілдерінің мәліметінше, ол ел аумағынан шығып кеткен.

"Жоғалу дерегі бойынша азаматша Қырғызстанмен шекарадан өткені белгілі болды. Қыз кәмелетке толған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында іздеу жұмыстары тоқтатылды", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 


Сурет vk.com сайтынан

Анасының айтуынша, қызы БАӘ-ден келген күні жоғалып кеткен.

"Нура, егер сен біздің хабарламамызды көріп отырсаң, үйге оралшы, барлығы туралы сөйлесеміз, біз сен үшін уайымдап отырмыз", - деді жоғалып кеткен қыздың анасы Гүлзада Тоғайбаева.


Сурет vk.com сайтынан

Туған-туысқандарының мәліметінше, қыздың телефон өшірілген, бірақ ол әлеуметтік желілерде кейде отырады екен. Алайда ол хабарламаға жауап бермейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети