26 сәуір 2014 | 12:55

Алматыда студент менингокок індетінен кенеттен қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Даниал Окасов Фото ©Даниал Окасов

Алматыда студент менингокок инфекциясынан кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда студент менингокок инфекциясынан кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі.

Алматыдағы Энергетика және байланыс университетінің 1-курс студенті жатақхана алдында қайтыс болды. Жедел жәрдем беруге келген дәрігерлер жас жігітке ешқандай көмек бере алмады. ЖОО қызметкерлері алдында ол жігітті уланғаннан қайтыс болуы мүмкін деген болатын. Алайда Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Лаура Тастамбекова бұл нұсқаны жоққа шығарды. "Студент менингокок жұқпасын жұқтырған деген болжамға тоқталып отырмыз. Өйткені, бұл жұқпаның ерекшелігі сол, ол көп жағдайда инкубациялық кезеңсіз дамиды. Сондықтан, өлім жағдайы тез болады. Уоттерхаус-Федерикс синдромы (бүйрек жетіспеушілігі) болған кезде 90 пайыз жағдайда өлімге әкеп соғады", - дейді Тастамбекова.

Қазір дәрігерлер кім аурумен байланыс жасағанын анықтау үстінде. Сонымен бірге олар ауа-тамшылы жолмен жұғатын қауіпті инфекцияны жұқтырушыны табуға тырысуда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети