Алматыда студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге 54 жұмыс беруші қатысып, 100-ден астам бос орын ұсынды. Жұмыс берушілер ретінде: 25-тен астам білім беру ұйымдарының (Алматы қаласының мектептері, лицейлері, гимназиялары), құқық қорғау және сот органдарының, көлік қызметтері ұйымдарының, Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінің, банк саласының, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысты.

Бос орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентацияларын көрсетіп, бос жұмыс орындарын ұсынды және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырды.

Ізденушілер өз кезегінде ұйымдардың өкілдерімен танысып, әңгімелесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети