Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда су құбыры жарылып, бірнеше көшені су басты

Алматының бірнеше көшесін су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бірнеше көшесін су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, Мыңбаев көшесінде су құбырының жарылуына байланысты сағат 3:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан көшелерді, әсіресе Әуезов көшесін су басқан. Су Райымбек даңғылына дейін жеткен, ол жерден мүмкіндігінше арық желісіне бұрылып жатыр.

"Көктайғақтың алдын алу үшін Алматы тазалық МҚК қызметкерлері жол бойына 18 құмсепкіш көліктің күшімен, 4 тротуар тазалаушы көлікпен көктайғаққа қарсы материал себуге кірісті. Апаттың салдары бүгін реттелетін болады", - деді басқарма өкілдері.

Ведомство өкілдері су басқан орындарда көктайғақ жабынының пайда болу ықтималдылығын ескере отырып, жүргізушілерді жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтып, апатты жағдайды туындатпас үшін оқыс әрекеттер жасамауға шақырды. Бұл аумақтарды мүмкіндігінше айналып өту қажет. Жаяу жүргіншілер де тротуарлармен жүргенде сақ болғаны абзал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети