Алматыда су құбырынан ақау шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда су құбырынан ақау шықты

Алматыда кейбір көшелерде уақытша су тоқтатылады. Өйткені Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында шыққан апатты жою жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кейбір көшелерде уақытша су тоқтатылады. Өйткені Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында шыққан апатты жою жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктер жүретін Рысқұлов даңғылының жүру бөлігінің Герцен көшесімен қиылысатын тұсындағы екі жолағы қозғалыстың батыс жағына қарай уақытша жабылды. Сондықтан мына көшелерде орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:
- Сүйінбай-Баянауыл-Шемякин-Хмельницкий;
- Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев;
- Айша бибі, Атырау, Шуақты шағынаудандары.

Бұл мекенжайлар мен шағынаудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.
Қаланың басқа аудандарында суды өшіру жоспарланбаған.

"Бұл жұмысқа 16 техника жұмылдырылған. Герцен көшесі бойымен өтетін магистраль су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген. Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес, сонымен қатар, нысандардың жабдықтары да тозған. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 шақырым болады, оның ішінде 1941,2 шақырымын ауыстыру қажет етеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, "Алматы Су" МКК диспетчер қызметінің телефондары: 274-66-66, +7 771 852 91 01

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети