Алматыда Төле би көшесінің бойына биіктігі кемінде 4 метр болатын көпжылдың емен (Sulpak маңында кесілген түрі жататын) отырғызылады. Әкімдік ұйымдастырған акция 26 қарашада өтеді. Оған қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысады. Бұл туралы қаланың Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Төле би көшесінің бойына биіктігі кемінде 4 метр болатын көпжылдың емен (Sulpak маңында кесілген түрі жататын) отырғызылады. Әкімдік ұйымдастырған акция 26 қарашада өтеді. Оған қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысады. Бұл туралы қаланың Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 30 ағаш отырғызылады. Бұл кесілген ағаштардың орнын толтыратын тізімге қосылмайды. Оларды кейін отырғызады.
Наталья Ливинскаяның айтуынша, Жасыл экономика басқармасы ағаш отырғызатын орынды, өлшемін және талаптарын айтып береді. Компания жаңа қағидаларға сәйкес 260 ағаш отырғызып, екі жыл бойы қарау керек.
"Біз алмалықтардан бізге көмектесуін және табиғат қорғайтын бөлімшелерге Алматының жасыл қорын қадағалауды сұраймыз", - деді ол кәсіпкерлерді мұндай заңбұзушылықтарды қайталамауға шақырып.
Жасыл экономика басқармасының басшысы әкімдік қала тұрғындарының наразылығымен келісетінін және мәселе Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бақылауында екенін атап өтті.
Наталья Ливинская осы жылғы 1 желтоқсаннан бастап басқарма сайтта жасыл желектерді кесумен айналысатын компаниялардың рейтингін жариялауды бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жасыл комиссияның реформасы аяқталып, оның құрамына қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, белсенділер мен БАҚ өкілдері кіретінін атап өтті.
Еске салайық, алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген. Сол пікірінде "Arena S" (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғаны жеке бақылауында екенін айтқан.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударып, аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаевқа тапсырма берген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!