11 наурыз 2023 09:00

Алматыда Sulpak жеткізу қызметкерлері наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда электроника мен тұрмыстық техника сататын Sulpak компаниясының жеткізу қызметкерлері өз жұмысын істеуден бас тартып, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда электроника мен тұрмыстық техника сататын Sulpak компаниясының жеткізу қызметкерлері өз жұмысын істеуден бас тартып, наразылыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Sulpak желісінің 100-ге жуық қызметкері Алматыда ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Олар жалақы бонустарын есептеуге наразы екенін айтты.

Sulpak компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Константин Иванюк ақпаратты ішінара растады. Ол бүгін жеткізу қызметінің 40-50 қызметкері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындаудан бас тартқанын хабарлады.

"Компания осы қызметкерлермен байланысып және жағдайдың шешімін іздеп жатыр", - деді ол.

Компания мәліметінше, қызметкерлердің негізгі талабы ақпандағы жалақының азаюы болған. Иванюк мұны тапсырыстар санының төмендеуіне байланысты деп түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети