Алматыда тағы 20 базар сүріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Алматыда сүрілген базарлардың орнына алты сауда орны тұрғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Ахметжан Есімовтің халыққа есеп беру кездесуінен. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сүрілген базарлардың орнына алты сауда орны тұрғызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Ахметжан Есімовтің халыққа есеп беру кездесуінен. 

Жалғасы

Әкімнің айтуынша, сауда-саттықтың қазіргі заманғы жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстар шеңберінде 21 базарды жою мен 53 базарды қайта салу жоспарланған. "Қазір барахолканың орнынан қазіргі заманғы орталықтар бой көтергенін көре аласыздар. Мұның бәрі оңайға соқпағанын түсінесіздер. Көп ақша бар жерде, ешнәрсе оңай істелмейді. Үлкен қарсылық көрсетілді. Девальвация мен ауыр болған 2014 жылы сауда-саттық 9 пайызға өсті. 21 базар бойынша мәселе шешілді, жеті базар бойынша жер телімдері тәркіленіп жатыр. 2014 жылы жалпы ауданы 230 мың шаршы метрден асатын екі ірі сауда - ойын-сауық орталығы ашылды, Алматыдағы қазіргі заманғы сауда нысандарының жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрден асады", - деді Есімов. 

Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын жергілікті билік қаладағы заңбұзушылықтармен салынған барлық базарды бұзатынын мәлімдеген еді. Атап айтқанда, әкімдік барахолка базарлары қожайындарына жаңа сауда орындарын тұрғызуды ұсынды. Бұл жердегі базарлардың көбі "қызыл сызықтан" асып кететін аумақта салынғаны айтылды. 

Бұған қоса, базарларда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмайды, қазіргі заманғы көлік тұрақтары жоқ. 2013 жылы Алматы барахолкасында бірнеше рет өрт шықты. Сол жылдың қыркүйегінде ірі өрт болды - базарлардың 5400 шаршы метрі өртеніп кетті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.1  course up  588.04  course up  6.35  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro