Алматыда тағы бір дәмхананың террасасы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда тағы бір дәмхананың террасасы сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Назарбаев даңғылы бойында орналасқан "Здесь и сейчас" кафе-барының жазғы террасасы сот шешімімен бұзылып жатыр.
"Меншік иесі Bars Holding ЖШС мемлекеттік қордың жеріне рұқсатсыз терраса тұрғызған. 2022 жылдың 28 маусымында қала құрылысын бақылау бөлімі бұл жерді бұзу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа (ШОК) талап арызбен жүгінген", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Сот шешімімен терраса рұқсат етілмеген жерде тұр деп танып, оны бұзу туралы талап арыз толығымен қанағаттандырылған.
"2023 жылдың 7 сәуірінде сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Алматы әкімдігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!