Алматыда тағы бір көшенің жөндеу жұмысы мерзімінде аяқталып үлгермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір көшенің жөндеу жұмысы мерзімінде аяқталып үлгермейді Сурет ©РИА Новости

Алматыда кептеліс ошағына айналған даңғылдың жөндеу жұмыстары уақытында аяқталып үлгермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кептеліс ошағына айналған даңғылдың жөндеу жұмыстары уақытында аяқталып үлгермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гагарин даңғылы бойымен Ходжанова көшесінен MEGA СОСО маңындағы Есқараев көшесіне дейінгі жөндеу жұмыстары үлкен кептеліс тудырды. Жылу желілеріндегілер 15 қыркүйекке дейін жұмыстарды аяқтап, тасжолды қалпына келтіруге уәде берген еді. Дегенмен уақыты әзірге белгісіз.

"Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде топырақтың ерекшелігіне байланысты жұмыстың аяқталу мерзімі ұзарды. Жұмыс кезінде топырақ құлап, бұл жөндеу жұмыстарын қиындатты. Сонымен қатар, учаскеде құрылыс дамып, инженерлік желілер қиылыстарының көптігінен қиындық туындады. Осы факторға байланысты жөндеу жұмыстары нысанын сапалы, жылыту маусымын бұзбау үшін түпкілікті пайдалануға беру мерзімі өзгертілді", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілі.

Тапсырыс берушінің мәліметінше, Гагарин даңғылында асфальт төсеу үшін топырақты нығыздау жұмыстары жүргізілді. Жақын арада ауа райын ескеріп, асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Жұмысты шамамен қыркүйектің соңына дейін аяқтауға тырысады, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты мерзім өзгеруі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети