Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды Фото: Алматының баспасөз қызметі

Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір заңсыз нысан бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Жұлдыз" шағынауданындағы "Восточка" дәмханасына қосымша нысан заңсыз салынған.

"Бұған дейін басқарма тұрғынның өтініші бойынша тұрғын үйге қосымша құрылыстың заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша тиісті рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды, бұдан басқа заңсыз нысан мемлекеттік қордың аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 319, 323-баптары бойынша материалдарды Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жібере отырып, шаралар қабылдаған.

"Бүгінде заңсыз кеңейту соттың шешімімен бұзылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын босатты".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети