Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сот Наурызбай ауданындағы Qadam тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Наурызбай ауданындағы Qadam тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылық анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша "Qadam ТК" ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды.

Нәтижесінде сот шешімі бойынша, заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынып жатқан "Жайсаң" тұрғын үй кешені және тау бөктеріндегі элиталы тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүрілетіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети