10 ақпан 2014 16:07

Алматыда тағы да құбыр жарылып, адамдар зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СТВ" телеарнасының кадры "СТВ" телеарнасының кадры

Алматының жылу жүйелерінде тағы да апат болды. Райымбек және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында құбыр жарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы Жылу Холдингі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта бұл маңда жол жабылып, апаттық бригада жұмыс істеп жатыр. "Алдын ала мәлімет бойынша жылу жолындағы апатқа құбырдың тозуы себеп болды", - дейді холдинг өкілдері. "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі оқиғадан зардап шеккендер бар екенін хабарлайды. Жедел жәрдемнің мәліметіне қарағанда, төрт адам күйіп қалған, оның бірі ауыр жағдайда. Ол ыстық су толы арыққа құлап кетіп, денесін бірінші дәрежелі күйік шалған. Оқиға орнында жолаушылары бар автобус кептеліп қалды деген ақпарат та бар, қалың будың арасында қалған автобустың қозғалуы мүмкін болмаған. Көп ұзамай жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Дәл осы ауданда бұған дейін де апат болған еді. 2012 жылдың жазында құбыр жарылып, ол жерде алты метрге жуықтайтын терең шұңқыр пайда болды, асфальт астынан оқыс атылған ыстық су машиналарға зақым келтірген болатын. Ал өткен жылдың желтоқсан айында Райымбек даңғылы мен Коммунальный көшесі қиылысында тағы да құбыр жарылып, апат салдарынан жеті адам жарақат алды. 19 көпқабатты үй мен екі білім мекемесі және 36 әкімшілік ғимарат жылусыз қалған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети