Алматыда тағы екі көше бірнеше күнге жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы екі көше бірнеше күнге жабылады Фото:depositphotos.com

Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Бекмаханов және Әшімов көшелерінің учаскесінде қозғалыс жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасады. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады - 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін:

Наурызбай ауданында - Райымбек даңғылынан Базарбай Жуманиязов көшесіне дейін Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады;

Түрксіб ауданында - Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.

"Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети