Алматыда танымал оператор сауда орталығында төбелес шығарды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал оператор және продюсер Азамат Дулатовтың басы дауға қалды. Ол балаларға арналған ойын-сауық орталығында қызметкерді ұрып жіберген. Бұл мәселеге қатысты Алматы полициясы өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал оператор және продюсер Азамат Дулатовтың басы дауға қалды. Ол балаларға арналған ойын-сауық орталығында қызметкерді ұрып жіберген. Бұл мәселеге қатысты Алматы полициясы өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны журналист Михаил Козачков Telegram-арнасына жүктеді. 

"Сол жақтағы ер адам - оператор және продюсер Азамат Дулатов. Кеше Дулатов мырза Алматыдағы балаларға арналған ойын-сауық орталығында шу шығарды. Бастапқыда оның әйелі сөзге келіспей, артынша ол Азаматты шақырған. Видеода Дулатов бірінші болып әкімшіні ұрып жібергенін, Каспи терминалын лақтырып, артынан әйелінің артына кеткенін көруге болады. Оператор бүгінде камера тек кино мамандарында емес, барлық жерде барын ұмытып кеткен болуы керек", - дейді журналист.  

Осылайша, оператор мен әкімші төбелесіп қалған. 

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл деректі Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі тексеріп жатыр.

"Екі тарап та полицияға арызбен жүгінді. Ойын-сауық орталығы қызметкерінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Материал ҚР ӘҚбК-нің 73-1 бабы бойынша тіркелді", - деді полиция өкілдері. 

Айта кетейік, Азамат Дулатов "Келинка Сабина", "Құдалар", "Побег из аула" секілді фильмдерді түсірген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети