Алматыда танымал үш автобус бағыты өзгереді

Алматыда танымал үш автобус бағыты өзгереді Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда үш автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда үш автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәулеткерей көшесіндегі жұмыстар

Компания мәліметінше, өзгерістер Дәулеткерей көшесіндегі жұмыстарға байланысты 30 мамырдан бастап енгізіледі.

Жарнама
Жарнама

"30 мамырдан бастап Дәулеткерей көшесінде асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 44, № 50, № 250 бағыттардың қозғалыс сызбасы жұмыстар аяқталғанға дейін уақытша өзгереді", – деп хабарлады холдинг.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда Дәулеткерей көшесі ішінара жабылады.

Хабарламаға сәйкес, 30 мамыр сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Әбділдин көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жұмыстар қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша "Алматы қаласында батыс кәріз коллекторының құрылысы" жобасын іске асыру аясында жүргізіліп жатыр

Автобустар

Жұмыс кезінде автобустар келесі сызба бойынша қатынайды:

№44 бағыт

  • Оңтүстік бағытта: Бекешев – Жандосов – әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: Жандосов – Бекешев – әрі қарай сызба бойынша.

№50 бағыт

  • Оңтүстік бағытта: Әбділдин – Бекешев – Жандосов – әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: өзгеріссіз.

№250 бағыт

  • Батыс бағытта: Әбділдин – Бекешев – Жандосов – әрі қарай сызба бойынша.
  • Шығыс бағытта: Жандосов – Бекешев – Әбділдин – әрі қарай сызба бойынша.

Сонымен қатар әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Бұған дейін Алматыда екі негізгі қоғамдық көлік жобасы – жеңіл рельсті көлік (LRT) пен жүрдек автобус тасымалы (BRT) қайта қаралып жатқаны белгілі болды. Алматылықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы мына материалдан оқыңыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама