Алматыда тарихшы ғалым Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

14 Наурыз 2018, 18:34
0
Алматыда тарихшы ғалым Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды -

Бүгін, 14 наурызда Алматы қаласында көрнекті тарихшы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Кеңес Нұрпейісұлының тұрған үйіне орнатылған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімшілігі ұйымдастырған салтанатты іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қайраткердің туған туыстары, қаланың жоғарғы оқу орындары ұстаздары мен студенттері қатысып, ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі туралы өздерінің тамаша естеліктерін бөлісті.

Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс 1935 жылдың 15 наурызында Алматы облысы Кеген ауданының (қазіргі Райымбек ауданының) Саты деген шағын ауылында дүниеге келген. 1942-1945 жылдар аралығында Алматы облысы Райымбек ауданының Қарабұлақ ауылындағы балалар үйінде оқып, тәрбиеленеді. 1952-1957 жылдар аралығында Киров атындағы Қаз МҰУ-нің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) тарих факультетін оқып бітіреді.

1957-1958 жылдар аралығында Қаз МҰУ-дің тарих факультетінде оқытушы болып жұмыс істеген. 1980 жылы профессор атағын алған. Екі жылдан кейін еліміздің тарихы туралы жетпісінші жылдардың аяғында жарық көрген бестомдық "Қазақ ССР тарихы - көне заманнан бүгінге дейінгі" атты ұжымдық еңбектің авторларымен бірге Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері атағын алады. Ал 1989 жылы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент- мүшесі болып сайланды. 

Ғалымға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілген. 2001 жылы ғылым қайраткері номинациясы бойынша "Алтын адам" атағының иегері болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академия-сының академигі болып сайланды. "Парасат" орденімен марапатталған.

Кеңес Нұрпейісұлы 2007 жылдың 9 желтоқсанында 73 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан  қайтыс болды.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай