24 қаңтар 2022 17:42

Алматыда тәртіпсіздіктерден зардап шеккен үйлер мен пәтерлер қалпына келтіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген 11 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген 11 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалада әкімдік пен қалалық басқармалар есебінен 50 нысан қалпына келтірілетінін айтты. Айтуынша, көп ғимараттар қатты зақымданбаған, тек жаңа терезе тақталарын орнату секілді қарапайым қалпына келтіру жұмыстары қажет. Жұмыстың бір бөлігін демеушілік ретінде құрылыс компаниялары өз мойнына алған.

Жалпы тәртіпсіздіктер кезінде 11 тұрғын үйдің пәтерлері зардап шекті. Алмалы ауданында үш үйден алты пәтер зақымданған (Қабанбай батыр 111, Масанчи 44, Мәуленова 111). Алматының Медеу ауданында 51 пәтердің терезелері зардап шекті, олар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Назарбаев, 220/3, 176, 244, Самал-1, -2 шағын аудандары, Достық даңғылы, 89 және Бәйішев көшесі, 16.

" "Ақ Ордасы" ЖШС мердігер ұйымы әйнек ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған дейін 31 пәтердің терезелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Келесі аптаның соңына дейін барлық бұзылған әйнектерді қалпына келтіреміз", - деді Мұхит Әзірбаев.

Әкімдік пен кәсіпкерлер қалпына келтіретін ғимараттар қатарында Президент резиденциясы, әкімдік ғимараты, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті, алты ғимарат, 20 модульдік бекет және үш полиция фронт-офисі, 17 экопост, бес медициналық нысан қалпына келтірілетін болады.

Болжам бойынша 10 нысан мен әкімдіктің өртенген ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарының құны 28,6 миллиард теңгені құрайды. 28 қаңтарда әкімдік ғимаратының техникалық сараптамасын алу жоспарланып жатыр, содан кейін оны қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Қала әкімдігіне күрделі жөндеу жүргізу және "Қазақстан" телеарнасын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталуының жоспарланған мерзімі 2022 жылдың 1 мамыры. Сондай-ақ жеті нысанда, оның ішінде Бас прокуратура ғимаратында, полиция департаментінің тоғыз ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети