Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бір реттік төлемдер туралы айтып берді. Айтуларынша, Алматыда тұратын жеңілдік қарастырылған тұлғалар келесі аптадан бастап төлемдер ала бастайды. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне жергілікті бюджеттен үнемделген қаражат есебінен оларға 50 мың теңгеден төленеді.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бір реттік төлемдер туралы айтып берді. Айтуларынша, Алматыда тұратын жеңілдік қарастырылған тұлғалар келесі аптадан бастап төлемдер ала бастайды. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне жергілікті бюджеттен үнемделген қаражат есебінен оларға 50 мың теңгеден төленеді.
Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылдың 24 қарашасындағы № 62 "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жәрдем қажет ететін тұрғындар санатына бір реттік әлеуметтік көмек" шешіміне сәйкес, Алматыда тіркелген және үнемі тұрып келе жатқан келесі санаттағы азаматтарға 50 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған:
1) Ұлы отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне;
2) жеңілдік бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
3) Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің (қаза болған, хабарсыз кеткен) қайтып отбасын құрмаған жесірлеріне;
4) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
5) "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрындары "Батыр ана" атағын алған, I және II екінші дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналар;
6) мүгедек баланы асырап алған, осы санат бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алып отырған отбасылар;
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында бұрынғы Кеңестік ССР-нің тылдағы ерен еңбегі мүлтіксіз әскери қызметі үшін орденмен және медальмен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеп, мемлекеттік сыйлықпен марапатталмаған тұлғалар;
8) Чернобыльдегі АЭС апаты салдарын жою кезінде және Чернобыльдегі АЭС апаты салдарынан көз жұмған адамдардың отбасылары;
9) мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алатын отбасылар;
10) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар;
11) баспаналық көмек алатын отбасылар;
12) жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек алатындар;
13) амбулаторлық ем алып жатқан IV деңгейлі тубуркулезбен ауыратын азаматтар;
Сонымен қатар, Алматы мәслихатының шешімімен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар да төлем алады.
Аталған төлемдер Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына ұсынылған тізім бойынша алушылардан өтініш пен құжаттар талап етілмей жүргізіледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу басқармаларының аудандық бөлімдеріне хабарласу керек.
Аудандық Басқарма бөлімдерінің мекен-жайлары:
1. Алатау ауданы: Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі 26, тел: 395-36-05, 3695-36-40;
2. Алмалы ауданы: Шевченко көшесі 89, тел: 272-86-84, 261-02-81;
3. Әуезов ауданы: 3 ықшамаудан, 41В, тел: 276-36-50, 277-48-83;
4. Бостандық ауданы: Жандосов көшесі 2, тел: 392-22-95, 392-21-32;
5. Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі 142, тел: 279-35-87, 279-37-72;
6. Медеу ауданы: Төле би көшесі 12, тел: 291-06-65, 291-93-16;
7. Наурызбай ауданы: Қалқаман ықшамауданы, 24 үй, тел: 309-81-87, 309-82-18;
8. Түрксіб ауданы: Рихард Зорге көшесі 18, тел: 232-78-25, 232-78-63.
Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімі Бауыржан Байбек "НұрОтан" партиясының Алматы қаласы бойынша филиалындағы конференция барысында қала бюджетін үнемдеу есебінен Алматыда әлеуметтік осал тұрғындарға, сондай-ақ, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне - мұғалімдер, тәрбиешілер, медицина және әлеуметтік қызметкерлерге сыйақы берілетіні туралы айтқан болатын.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, 114,3 мың адамға төлем жасалып, оның жалпы соммасы 6,2 миллиард теңгеге жетеді.