22 мамыр 2023 | 15:10

Алматыда таулы аймақ құрылысында 150-ден аса заңбұзушылық анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақ құрылысында 150-ден аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақ құрылысында 150-ден аса заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, Алматы аумағында таулы жерлерде, су қорғау және ерекше қорғалатын орындарда құрылыс жұмыстарының жүргізілуі қала тұрғындары үшін өзекті әрі алаңдататын мәселе. Бұл сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен қаралған.

Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне тау бөктеріндегі құрылыста, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден аса заңбұзушылық бар екені туралы баяндалды.

"2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында, Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды.

20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді. Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 гектар "жасыл аймақтан" "қоршалған үйлерге" айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Наурызбай ауданының Жайлау шағынауданында аумағы 13 гектар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылды, онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған.

"Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 дерегі, сондай-ақ мақсатында пайдаланылмайтын 15 учаске анықталды. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.

Су қорғау аумақтарында барлығы 118 заңбұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы, су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену – 15", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, отырыста Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру қарастырылған. Бұл жерде туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді.

Тағы да бір маңызды сұрақ, қала су айдындарының бойындағы құрылыс. Су қорғау белдеулерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңмен тыйым салынған. Мұндай аймақтар тұрғындарды табиғат апаттарынан қорғау мақсатында пайдаланылуы қажет.

Сонымен қатар, органдармен құрылысқа рұқсат берілген біршама нысандар бар, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз жүзеге асқан. Басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Алатау аудандарында бар.

"Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша осы аумақтарда құрылыс салуды бақылау тетіктерін күшейтуге, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын беруді болдырмауға және уақтылы ден қоюға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауға ұсынылды.

Сонымен қатар, қадағалау орган жүргізілген талдау материалдарын құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолдайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети