Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді © Николай Колесников

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанында түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін "Шоқан Уәлиханов" атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.

Басқарма хабарламасына сүйенсек, митинг "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң талаптарына сай.

"Сондықтан, заңға сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети