23 қараша 2016 | 11:44

Алматыда тазаланбаған қар үшін 100-ден аса кәсіпорынға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпорындар мен ұйымдар қала абаттандыру ережесін 131 мәрте бұзған. Бұған қар мен мұздан өз уақытында тазаламау әрекеттері жатады. Ал қала бойынша жалпы полиция 808 дерек анықтады. Ереже бұзғандарға 6,744 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Ереже бұзған заңды тұлғаларға 30 айлық көрсеткіш көлемінде (63 630 теңге) айыппұл салынатыны хабарланып отыр. "Сондай-ақ, шамамен 1100 ұйымға ескерту жасалды. Олардың жұмыстары бақылауға алынды", - деді жергілікті полиция өкілдері.

Сондай-ақ, жергілікті полицейлердің айтуынша, тексеру шаралары әлі де жалғасады. "Біз жүргізген тексеру жұмыстары қаладағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың барлығының қар тазалау жұмыстарымен айналыспайтынын көрсетті. Учаскелік полиция инспекторлары мен Табиғи ортаны қорғау полицейлерімен біріге отырып, тексеру жұмыстары әлі де жүргізілетін болады", - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети