20 шілде 2016 | 13:36

Алматыда теракт кезінде қаза тапқан полицей Мақсат Сәлімбевты ақтық сапарға шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TengrinewsTV.kz © TengrinewsTV.kz

Алматытағы теракт кезінде қаза тапқан полицей Мақсат Сәлімбевты ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматытағы теракт кезінде қаза тапқан полицей Мақсат Сәлімбевты ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұмның Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылындағы үйіне таңертеңнен жүздеген адам жиналды: туыстары мен жақындары, достары, көршілері, қызметтестері және ауылдың барлық тұрғыны. Қоштасу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді.

"Полицейлердің ерлігі патриотизмнің үлгісі. (...) Жас Мақсат өзінің тәуелсіз елінің берік қорғаны еді, өз ерлігімен ол көптеген адамның өмірін аман алып қалды. Мақсат сияқты батырлардың есімі тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз", - деді Баталов. Осыдан кейін ол көңіл айтып, Мақсат Сәлімбаевтың отбасына "Асыл Арман" тұрғын үйінен екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. 

"Ол өте жас еді, өмірлік жоспары көп еді. Оның кішкентай қызы қалды, немерем. Әйелі де жүкті, сөйлеу қиын болып тұр, кешіріңіздер, айта алмаймын", - деді Мақсаттың анасы көзіне жас алып. 


© TengrinewsTV.kz

Қаза болған кіші сержант Мақсат Сәлімбаев Алматы ІІД Әуезов аудандық жол-патрульдік қызметінде жұмыс істеген. Ол үйінің тұңғышы.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты терактдеп атаған болатын.

Айта кетейік, терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети