20 шілде 2016 09:51

Алматыда терактіден қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жерлеу рәсімі Жерлеу рәсімі

Алматыда терактіден қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда терактіден қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Алматы қалалық МКҚБ ММ-нің терактіде қаза тапқан 42 жастағы полицейі Аян Ғалиевпен қоштасу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таңғы сағат 9.00-ден бастап өтіп жатыр. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек те қоштасу рәсіміне қатысты. Ол барлық алматылыққа алғыс айтты.

"Ардақты ағайын! Туған халқына бергеннен берері мол, еліміз үшін жасағаннан жасары артық арыстай азаматтарымыз күтпеген жерден бақилыққа аттанды. Сынбасты ұста соқпайды, өлместі тәңірі жаратпайды деп қанша айтсақ та, орны толмас бұл қаза баршамызды күйзелтті, қабырғамызды қайыстырды. Ел қауіпсіздігін қорғап жүрген бірнеше тұлғаның бейбіт күнде мезгілсіз кетуі жалғанда тыныштықтан астан құндылықтың жоқ екенін тағы да бір еске салды. Әрқайсының артында жұбайлары, ұл-қыздары, ата-аналары, мақсаттары қалды. Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің әр күні, әр сағаты болжаусыз екені тағы бір дәлелденді. Біз ел тыныштығын қорғау мақсатында қанды қол қарақшының қолынан қаза тапқан бауырларымыздың әрқайсысының рухына басымызды иіп, тағзым етеміз", - деді Бауыржан Байбек.


Полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ полкінің полицейі 25 жастағы Мақсат Сәлімбаевті Алматы облысы Қаракестек ауылында жерлейді. Ал полиция капитаны, ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 28 жастағы Бауыржан Нұрмаханбетов Жамбыл облысы Қордай ауылында жерленеді. Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 23 жастағы қызметкері Азамат Әзімжанов бүгін Алматы облысы Панфилов ауданы Пиджим ауылында жерленеді.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Айта кетейік, терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети