Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда тілі шықпаған ұлды сабаған балабақша тәрбиешісі видеоға түсіп қалды

31 Қазан 2015, 00:31
1
© "КТК" кадры
© "КТК" кадры

Алматыда "Алтын ұя" деп аталатын балабақшада тілі шықпаған ұлды ұрған тәрбиеші видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Алматылық келіншек Ақкенже Ғұмарованың айтуынша, балабақшаға он екі мүшесі сау тапсырылған бөбегі үйіне көгала қойдай боп оралыпты. Сөйтсе, жекеменшік балабақшада жәбір көрген Ақкенженің ғана ұлы емес екен. "Баланы балабақшаға апарып жүрсек, бұл қорлық көріп жүр екен! Мынау не деген сұмдық?! Мынау не деген бәле мынау?! Қалай ұруға болады бұл баланы? Бұл бала не жазды?!", - дейді бүлдіршіннің анасы Ақкенже Ғұмарова.

Балаға дене жарақатының салынғанын дәрігерлер де растап отыр екен. Ал балабақша тәрбиешілері баланың құлап кеткенін айтып ақталыпты. "Бала баспалдақтан құлаған екен. Содан баланың үстінде көгерген пайда болған. Оны байқамаған ғой! Бала қатты жыламаған... Жылағанына мән бермеген тәрбиеші", - деді балабақша меңгерушісі Гауһар Батырханова.

Бірақ осы уақытта телеарна тілшілерінің қолына балабақша ішінде орнатылған бақылау камерасы түсірілген кадрлар түскен. Видеода тәрбиешілердің балаларға қатігездік көрсеткені, жұбатудың орнына ұра бергені көрінеді. 

Сонымен қатар, тілшілердің мәліметіне қарағанда, "Алтын ұя" жекеменшік балабақшасының небәрі екі ай бұрын ашылғаны белгілі болып отыр. Балабақшадағы отыз шақты балаға небәрі үш тәрбиеші қыз ғана қарап отыр. Оның өзі жиырмадан жастары енді асқан студент қыздар. Біреудің үйін жалға алып, балабақша ашқан кәсіпкер оларды ғаламтор арқылы жұмысқа алыпты. Мұны естіп, жағасын ұстаған ата-ана енді мемлекеттік балабақшаға кезегі келмейінше ұлын үйде тәрбиелеуге бел буған.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай