Алматыда толастамай жауған жаңбырдан басты көшелерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда толастамай жауған жаңбырдан басты көшелерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары су алған көшелердің видеосын жариялап жатыр. Тұрғындар нөсер желілерінің дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, шағымданған.
© facebook/Жазира Бегалы
Қалалықтардың айтуынша, әл-Фараби даңғылын су алып, кептеліс пайда болған.
Еске салайық, синоптиктер 22-24 сәуір күндері елімізде жауын-шашын түсіп, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болатынын айтқан болатын.