Алматыда Төле би көшесі бірнеше күнге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Төле би көшесі бірнеше күнге жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыдағы Астана алаңында көлік қозғалысы бірнеше күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Астана алаңында көлік қозғалысы бірнеше күнге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, қала күнін мерекелеу аясында 14 қыркүйек сағат 16:00-де "Астана" алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтеді. Сахнада Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.

Сондай-ақ, "Астана" алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді. Концерт 17:00-де басталады, оған Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. артистер қатысады.

"12-16 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Бұл аралықта Астана алаңында Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Түсіністік танытып, жол жүру бағытын алдын ала ойластыруларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course down  582.69  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети