Алматыда Төле би көшесі уақытша жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Төле би көшесі уақытша жабылады

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесі - Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейін жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасына сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, Төле би көшесі екі бағытта 11 шілдеде таңғы сағат 8-ден 13 шілде күні таңғы сағат 6-ға дейін жабылатынын хабарлады.

"Уақытша шектеулер осы көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистраль құбырды ауыстыру үшін енгізіледі. Қаланың жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарланған бұл шара Алматы тұрғындарын күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясымен қамтамасыз ету үдерісіндегі қауіп-қатерлерді азайту үшін қажет. Мәжбүрлі қолайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деп хабарлады басқарма өкілі.

Айта кетейік, Төле би көшесі - шығыстан батысқа қарай созылып жатқан және магистральдармен, Шығыс айналма автожолымен және Саин көшесімен байланыстыратын қаланың басты жолдарының бірі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети