ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2021 | 16:24
Алматыда төрт өзен арнасы қайта құрылады
Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Онда Стратегия және бюджет басқармасы басшысы Алмас Батанов қаладығы төрт өзен арнасын қайта құру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Онда Стратегия және бюджет басқармасы басшысы Алмас Батанов қаладығы төрт өзен арнасын қайта құру жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алмас Батанов 2020 жылғы қолданылмаған қаржы есебінен жүзеге асырылатын 2021 жылға арналған Алматының нақтыланған жергілікті бюджеті жобасын қарауды ұсынды.
"Абаттандыру мен көгалдандыруға 22,1 миллиард теңге бөлінді. Оған қаладағы 322 аулаға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары кіреді. Төрт өзен арнасына қайта құру жұмыстары жүргізіледі. "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК-ға арнайы көлік құралдары сатып алынады. 17 субұрқаққа техникалық жөндеу қызметі жасалады. Қастеев атындағы мұражай аумағындағы субұрқақты және Қонаев атындағы бақты күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленеді", - деді Алмас Батанов.
Сонымен қатар, Тіксай, Жарбұлақ, Алматы және Есентай өзендері арнасын қайта құру жоспарда бар.
Аталған сомаға қаладағы үйлердің қасбеттерін, саябақтарын, гүлзарларын, арық желілері мен басқа да жасыл аймақтарды күтіп ұстау және күрделі жөндеу жұмыстары кіреді.
Айта кетейік, Алматыда Үлкен Алматы өзені жағалауын абаттандыратынын хабарланған еді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, онда әл-Фараби даңғылынан Сайранға дейінгі үлкен серуендеу аймағын құру үшін қоршаулар мен жарық қою жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также