17 ақпан 2021 14:49

Үлкен Алматы жағалауындағы қоқыс мәселесі қалай шешіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде Бостандық ауданының тұрғыны Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру  бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде Бостандық ауданының тұрғыны Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Бақытжан Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру  бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданы тұрғыны әкімге соңғы уақытта Үлкен Алматы маңындағы алаңда спортпен белсенді айналыса бастағанын айтты. Ер адам өзен арнасының қатты ластанғанын айтты.

"Суда тастар, құм және сынған ағаш бұтақтары жатады. Өкінішке қарай, тұрғындар да тұрмыстық қалдықтарды өзенге тастайды. Бұл мәселе шешімі қандай және қандай жоспарлар қарастырылғанын білгім келеді? Онда жаяу жүргіншілер аймағын жасау жоспарланған ба, жарықтандыру жұмыстары жасала ма?" - деп сұрады алматылық.

Қала әкімі Үлкен Алматы және Есентай өзені арналарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, абаттандыру мәселесі бойынша азаматтар сұрағына жауап берді.

"Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды жөндеу, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағын жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз.

Қазіргі уақытта селден қорғау бөгетінен Сайран көліне дейінгі аралыққа жаңа жоба әзірленіп жатыр. Осы арқылы Тұңғыш Президент саябағы мен Сайран көлін өзара байланыстыра отырып, жасыл дәлізді қалпына келтіруге мүмкіндік болады", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жаппай тұрғын үй кешендерін салуға қатысты, кәсіпкерлерге мектептер мен балабақша салуды міндеттеу және "Алтын орда" маңындағы жолайрық мәселесі бойынша тұрғындар сауалына жауап берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети