17 ақпан 2021 13:19

"Бәрі шаршады" - Алматы әкімі "Алтын Ордадағы" жолайрық құрылысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

TengriTV видеосынан алынған кадр TengriTV видеосынан алынған кадр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде "Алтын Орда" базары маңындағы көлік жолайрығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде "Алтын Орда" базары маңындағы көлік жолайрығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің халыққа есеп беру кездесуіне Алматыда жұмыс істейтін Алматы облысы тұрғынының бірі келді. Ер адам "Алтын Ордадағы" көлік жолайрығын салу жұмыстарына байланысты күн сайын жолға төрт сағат уақытын жұмсауға мәжбүр екенін айтып, сұрақ қойды.

"Күн сайын уақытымның екі сағатын қалаға, екі сағатын үйге қайтуға жұмсаймын. Ойланып қарасаңыз, күн сайын өмірімнің төрт сағаты жолда өтеді. Кептелісте тұру денсаулығыма да, жүйке жүйеме де кері әсерін тигізеді. Сол жолмен "маңызды" адамдар өтетін кезде, барлық жол босатылады. Ал қарапайым халық, біз сияқты, жол кептелісінен арыла алмайды. Сіз әлеуметтік желілерді бақылап, осы проблемаларды көріп отыратын шығарсыз? Сондықтан осы мәселені шешуіңізді өтінемін. Біз бұдан шаршадық", - деді ол әкімге.

"Шынымды айтсам, бұдан бәріміз де шаршадық", - деп жауап берді Сағынтаев "Алтын Орда" базары жанындағы жолайрығының құрылысына қатысты.

Бақытжан Сағынтаев бұл мәселені қала тұрғындары бұрыннан көтеріп келе жатқанын айтты.

"Біз Instagram-парқашамызда атқарылған жұмыстар туралы есеп жариялағанда, жазба сипатамасының соңында міндетті түрде "Алтын Ордадағы" жолайрық құрылысы қашан аяқталады деген сұрақтар болады. Өкінішке қарай, бұл аумақ қалаға емес, облысқа кіреді. Мен де сіздер сияқты, олардан көлік жолайрығы құрылысы қашан аяқталатынын сұраймын. Ол жұмыстарды мердігерлер министрлік бақылауымен жүргізіп жатыр. Ақша жеткілікті, бірақ мердігерлер бұл қаражатты игере алмайды, жұмысты аяқтауға күші жетпейді немесе басқа себебі бар. Жұмыс әлі де жалғасып жатқаны осыдан", - деді ол.

Алматы әкімі жолайрық құрылысын аяқтау мәселесі премьер-министр Асқар Маминнің сапары кезінде де көтерілгенін айтты.

"Жақында қалаға премьер-министр келгенде, біз бұл мәселені қайта көтердік. Егер жолайрық құрылысы аяқталса, онда кептеліс те, азаматтар наразылығы да аз болады деп айттық. Бірақ министр құрылыс осы жылдың соңында аяқталады деп уәде берді. Сондықтан сәл шыдамдылық танытайық. Менде бұл жолдың тезірек біткенін қалаймын", - деді Сағынтаев.

2017 жылғы күзде "Алтын орда" маңында көлік жолайрығы мен 10 жолақты тасжол құрылысы басталды. Бастапқыда екі жылдан кейін жолайрық толығымен пайдалануға беріледі деп уәде берілген. Алайда 2019 жылдың аяғында құрылыс жұмыстары әлі аяқталмады. Мұның бір себебі, екі жанармай құю станциясы иесінің өтемақыға байланысты, нысанды сүруге рұқсат бермеуі.  

Мәселе шешілгеннен кейін құрылысты аяқтаудың жаңа мерзімі белгіленді. Жоба 2020 жылдың жазына дейін аяқталады деп уәде берді. Бірақ былтыр көктемде карантинге байланысты "Алтын Орда" базары маңына блокбекет қойылып, құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың соңына қайтадан ауыстырылды. Жақында жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети