17 ақпан 2021 12:20

Алматыда тұрғын үй кешенін салушыларға балабақша мен мектеп салу міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде қалада тұрғын үй кешендерін салатындарға қатаң талап қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде қалада тұрғын үй кешендерін салатындарға қатаң талап қойылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар әкімге қалада саябақ, сквер, әлеуметтік нысандар салу қажеттілігі туралы сұрақ қойды. Бұған жауап ретінде Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй кешенін салушыларға қойылған талаптардың күшейтілгенін айтты.

"Енді әкімдікке өз жоспарларымен келген кәсіпкерлерден талап ететініміз: мектеп, балабақша, емхана немесе амбулатория қайда? Кешен салынатын жерде қандай мектеп бар? Ол мектеп жаңа оқушыларды қабылдауға қаншалықты дайын?

Егер жоспарға мектеп кірмесе, онда құрылысқа рұқсат етілмейді. Біздің талап мектептерге, балабақшаларға және шағын амбулаторияларға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Тек осы қағидаға сай шешім шығарамыз", - деп жауап берді қала әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін алматылықтар қалада тұрғын үй кешендерінің тым көп салынып жатқанына шағымданған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети